Шу қаласының имамдары Рамазанға дайындықтарын пысықтады

Шу қаласының имамдары Рамазанға дайындықтарын пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы мешіт имамдарымен кезекті жиналыс өтті. Жиналыс барысында қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, оразаға дайындық шаралары туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Қаланың бас имамы Рамазан айын насихаттау, оразаға қатысты сауал-жауап сұхбаттарын өткізуге, сондай-ақ қайырымдылық шараларына көп көңіл бөлу керектігі туралы тапсырды.

Сонымен қатар жат ағымдарға байланысты уағыз-насихатты әрқашан назарда ұстау айтылды. Рамазан айында тарауық намазына жиналатын жамағатты пайдаланып әртүрлі тақырыптарда уағыз айтып, атап айтар болсақ «Ислам және Отбасы» аясында, ауқымды насихат жүргізу сондай-ақ халыққа қажет діни рәсімдерді, соның ішінде «жаназа және жерлеу рәсімдерін» барынша жамағатқа жеткізу міндеттелді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: