Өкіл имам «Кеңесхан қажы» мешітінде уағыз айтты

Өкіл имам «Кеңесхан қажы» мешітінде уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

10 мамыр күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде бейсенбілік уағыз дастарханы жайылды. Бұл басқосуда уағыз айтуға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы келді. Өкіл өз сөзінде асымыздың адал болуы және Алладан көркем түрде дұға тілеу тақырыптарына кең тоқталды.

«Алла Тағала мына бүгінгі бас қосуымызды, жиынымызды ізгілікке, бауырмалдыққа, ынтымаққа алып баратын қайырлы отырыс етсін!

Біздер үшін бұл өмір баға жетпес құнды. Осы өмірді адам баласы ешнәрсеге ауыстырмайды. Бұл өмір ақырет өміріне алып барар баспалдақ. Бұл өмірде біздерге құлшылықтан бөлек көптеген міндеттер жүктелген. Солардың бірі – ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі таңда адам баласы неге қатыгез болып барады? Әрине, бұның әртүрлі себептері бар. Сол себептердің бірі астың адал болмауы. Өзімізді, ұрпағымызды таза, салихалы етіп жетілдіруіміз керек. Ол үшін біздің қазіргі жеп жатқан тамағымыз, азығымыз адал болуына мән беруге тиіспіз».

Сондай-ақ, Бас имам тағы бір ерекше маңызды тақырыпты қозғап өтті. Ол пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

أجملوا في الطلب

яғни, «Алладан ырыздық-несібені көркем түрде сұра» деген хадисі төңірегінде болды. Яғни, адал ырыздықты Алладан көркем түрде сұрау керектігіне тоқталды.

"Кеңесхан қажы" мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: