Бас имам кітапхана оқырмандарымен кездесті

Бас имам кітапхана оқырмандарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы  аудандық орталық кітапхана оқырмандарымен кездесті. 

Тағылымды жүздесуде әңгіме  «Діннің адам өміріндегі маңызы» тақырыбы аясында өрбіді. Мұсылманшылық тәрбие, отбасы, ата-ана, баланы жат ағымнан сақтау үшін берілетін жанұядағы және діни тәрбие тақырыптарына да тоқталып өтті.

Халыққа түсінікті, қарапайым жалпақ тілмен жеткізілген насихат көптің көңіліне қонды. Бас имам кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы айтып, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: