Су шығару - сарқылмас сауап

Су шығару - сарқылмас сауап

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауыл тұрғындары арасында ауыз су тапшылығы  бар екенін баршамызға мәлім. Елбасының жарлығымен бұқара халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдаламар жасалынып, іске асып жатқанына куәгерміз.

Осындай сауапты істе ҚМДБ филиалдары-мешіттерде қалыс қалмауда. Қордай ауданындағы Сортөбе ауылына ат басын тіреген бас имам Д.Жандосұлы аталмыш сауапты амалдың жүзеге асуына қатысып қайтты. Сортөбе ауылдық «Хамид Бен Бадый» мешітінің имамы Г.Паншаровтың  ұйымдастыруымен және демеушілердің қаржыландыруымен мешіт ауласында 50 метр тереңдіктен таза ауыз су шығаратын қондырғылар орнатылды. Ауыз суды жинақтау үшін биіктігі 20 метрлік су бұғанасы мешіт ауласына орнатылып, алыстан көзге түсуде.

Аталмыш құрылғы жылына 13,344 мың м3 су шығара алады. Мешіт ауласындағы су бұғанасына осы ауылдың 50 отбасы қосылып та үлгеріп, таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Шығарылған су арнайы тексерулерден өтіп, мекемелерден алынған құжаттарды Д.Жандосұлы мешіт имамы Г.Паншаровқа табыстады. Мешіт ауласында осындай сауапты істің жүзеге асуына байланысты дастархан жайылып, Құран оқылды. Алдағы уақытта Сортөбе ауылының өзге де мешіттері осындай сауапты істі қолға алып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуды жоспарлауда.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: