Бас имам Қаракемер ауылының жастарымен жүздесті

Бас имам Қаракемер ауылының жастарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде ауыл жастарымен кездесу өткізіп қайтты.

Д.Жандосұлы ата-бабаларымыздың Ислам дінін еркін қабылдау себептерін тарихи дәлелдермен келтіріп, дініміздің құндылықтарын паш етті. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген сөзге ерекше мән беріп, дін мен дәстүр  құндылықтарымен сусындап өскен халқымыздың дара тұлғалары жайлы мысал келтірді. Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне тоқтала келе өзі-өзіне қол жұмсау жайлы  т.б келеңсіз жайттар әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар, діни сауатсыздық жайлы сөз етіп, өкінішке орай жастардың өз ата- баба дінінің құндылықтарынан аз ақпараттандырылғанын қынжыла жеткізіп, қазіргі заманның негізгі проблемасы – жастардың жат  ағымдарға байқаусыздан, көбінесе діни сауатсыздықтан кіретіні жөнінде айтып, мысалдар келтірді. Жат ағымдардан сақтану жолдарын жеткізіп, дәстүрлі Ислам мен декструтиктивті ағымдардың ара жігін айырып берді маман.

Имам оқушылар тарапынан дін төңірегіндегі әртүрлі мәселелерге қатысты келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, уағыз-насихатын әр түрлі қызықты да, мағыналы өнегелермен өрбітті.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: