Сауд Арабияда қыз-келіншектерге қабір басына баруға рұқсат етілді

Сауд Арабияда қыз-келіншектерге қабір басына баруға рұқсат етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиядағы дін мамандарының бірі Исламды ұстанатын қыз-келіншектердің өз туған-туыстарының қабіріне баруға рұқсат ететін пікірді қолдаған. Шейх Салех әл-Магамиси, Құба мешітінің имамы Twitter әлеуметтік желісіне Шура Кеңесі мүшелерінің бірі жариялаған пәтуаны қолдайтынын білдірген. Аталмыш діни пәтуа қыз-келіншектердің қабір басына баруына рұқсат етеді.

Араб әлемінің көптеген елдерінде нәзік жандылардың туған-туыстарының қабір басына баруларына жария емес тыйым салынғандығы келтірілген.  Мұндай шектеу қоюдың себебі – қыз-келіншектер өз қайғысын қатты дауыс шығарып жылап, өздеріне ие бола алмай қалатындығымен түсіндірілген. Сауд шейхы әл-Магамисидің түсіндіруінше, тіпті Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамызға (ол кісіге Алла разы болсын) қабір басына барғанда оқитын дұғаны үйреткен дейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: