Рим Папасы Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтату туралы үндеу тастады

Рим Папасы Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтату туралы үндеу тастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рим Папасы Франциск  Сириядағы зорлық-зомблықты тоқтату туралы үндеу жариялады. Мұндай мәлімдемені понтифик Ватикандағы Апостол сарайының терезесінен Әулие Петр алаңына жиналған діндарларға жасаған жолдауы аясында жеткізген болатын. Шығыс Гутада орын алып жатқан соғыс әрекеттері дін көшбасшысын қатты үрейлендіргені айтылған.

«Осы ақпан айы зорлық-зомбылыққа толы айлардың біріне айналды. 7 жыл бойы тоқтаусыз жүріп жатқан қақтығыс салдарынан жүз мыңдаған азаматтар құрбан болған, соның ішінде, балалар, әйелдер мен қарттар да бар. Ауруханалар қираған, адамдар азық-түліксіз қалған. Мұның бәрі адамгершілікке жат дүниелер», - деп атап өткен Рим Папасы.

Діни көшбасшы зұлымдықты екінші бір зұлымдықтың көмегімен басуға болмайтындығын тілге тиек еткен. Лайф.ру ресурсының мәліметінше және Францисктың айтуынша, жедел түрде жауынгерлік істі тоқтатып, Сирияның соғыс жалмаған аймақтарына гуманитарлық көмек, азық-түлік пен дәрі-дәрмек  жеткізуді бастап және жаралылар мен сырқат жандарды қауіпсіз жерлерге көшіру қажет.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: