Үш аяқты ит иесін суицидтен аман алып қалған

Үш аяқты ит иесін суицидтен аман алып қалған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ники есімді парсы тазысы 51 жасар Микаэл Филд есімді иесін өзіне-өзі қол жұмсаудан аман алып қалған. Соңғы сәтте үш-ақ аяғы бар ит иесінің суицид әрекетіне кедергі келтіріп үлгерген.

Аталмыш әйелдің ұзақ уақыт бойы көптеген аурулармен ауырғаны белгілі болған. Ол кеңістіктен қорқу, жабық кеңістіктен қорқу және артрит сияқты дерттерге шалдыққан болатын. Ол жарақаттан соңғы қатты ширыққан хал мен Элерс-Данлос синдром салдарымен күресуде болған екен. Күндердің күнінде әйел дерттерге қарсы тұруға шамасы жоқ деген шешімге келеді. Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған әйелді Ники  келіп яғымен қатты итеріп қалады.

«Мен қатты шошып қалдым, өйткені бұрын ол бұлай жасамайтын. Осы әрекетімен менің басымдағы суицид туралы ойды сейілтіп жіберді. Итімнің көздеріне қарап, оны жалғыз қалдыра алмайтынымды түсіндім», - деп мойындаған Филд.

Аппатта бір аяғынан айырылған тазыны Микаэл Филд алты ай бұрын асырап алған болатын. Мұның алдында да аталмыш үй жануары бірнеше мәрте иесінің үрейлі қорқыныш пен қатты жабығуға түсіп кетуінен сақтап қалған екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: