Аудан имамы жастармен жүздесті

Аудан имамы жастармен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақиқаттың өзегі болған асыл дінімізге күйе жағып, атын жамылып, ел ішіне іріткі салған жат ағымдардың бүгінгі таңда етек жайғаны баршаға мəлім. ҚМДБ ның бекіткен төрт бағытының бірі кері ағымдарға қарсы күресу.

Осы бағытта аянбай еңбек атқарып жүрген имам-молдалар да өз үлестерін қосып келеді. Осы орайда бүгін Шу ауданындағы С. Шакиров атындағы орта мектепте "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында мектеп оқушыларымен келелі кездесу өтті.

Аталмыш шараға Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Т.Сейткереев, Төле би ауылдық округі əкімінің идеология жəне əлеуметтік мəселелер бойынша орынбасары Б.Асатов жəне мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

"Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кəрібайұлы аталған тақырыпта уағыз айтып, экстремизм мен терроризм дінімізге жат іс-әрекет екенін түсіндіріп, оның зияны мен зардаптары жайлы айтып өтті.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдер ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Мұндай келелі кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: