Биыл барлық имамдар аттестациядан өтеді

Биыл барлық имамдар аттестациядан өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имамдарды аттестациялаудың жаңа ережесі бекітілді. Осы ережеге сай діни қызметкерлер жан-жақты сынақтан өтеді. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев мәлімдеді.

«Имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында оларды аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібі қалыптаса бастады. ҚМДБ ғұламалық кеңесі имамдарды аттестациялаудың жаңа ережесін бекітті. Осы ережеге сай діни қызметкерлер жан-жақты сынақтан өтеді», - деді наиб мүфти ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар ол ҚМДБ өз жұмысын жандандыру мақсатында электронды жүйеге сатылап көшетінін атап өтті.

«Бірінші блок бойынша діни кадрлардың базасы жасалады. Екінші блок бойынша түзеу колониясындағы жұмыстар бақылауға алынады. Ал үшінші блок бойынша шетелдегі студенттердің бірыңғай базасы құрылады. Бұл жоба алдағы уақытта толық іске қосылады», - деп түйіндеді сөзін Алау Әділбаев.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: