ЮНИСЕФ мұсылман елдеріндегі нәрестелердің өліміне алаңдаулы

ЮНИСЕФ мұсылман елдеріндегі нәрестелердің өліміне алаңдаулы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ ақпараты бойынша, жыл сайын миллиондаған сәбилер бұл дүние есігін ашпай жатып шетінейді екен. Сондай-ақ, 1,6 миллион нәресте өмірге келген соң бір ай шамасында көз жұмады. ЮНИСЕФ деректеріне сәйкес, Пәкістан мен Ауғанстан сияқты екі мұсылман елдерінде сәбилердің тірі қалу мүмкіндігі шамалы көрінеді, сонымен қатар, ОАР кесірінен зұлматқа ұшырайтын мұсылман қауымдарында да сәбилердің тірі қалуы екіталай.  Пәкістанда дүниеге келген әрбір 22-ші нәрсете бір айға толмай жатып бақилық болады.  

 

80% астам жаңа туған сәбилердің өлімі босану кезіндегі жұқпа немесе уақытынан бұрын босану  салдарынан екен.  Білікті денсаулық сақтау жүйесі мен жүкті әйелдердің дұрыс тамақтануы болғанда бұл өлімдердің алдын алуға болатындығы айтылған. 

 

Пәкістан оқу-ағарту ұйымы Health Oriented Preventive Education төрағасы Мубина Агбоатвалланың айтуынша, өлімге әкеліп соғатын себептер көптеп табылады: босанған әйелдің қанының аз болуы, нашар санитарлық жағдайда үйде босану және т.б. себептер. Пәкістандық белсендінің айтуына қарағанда, тіпті қарапайым қолды жуып жүру өлім деңгейін екі есеге азайтар еді.

 

Айта кету керек, Пәкістанның оңтүстік аймағындағы Тхарпаркарде 2011 жылдан 2016 жылға дейін 5 жасқа толмаған 1500 балалар дүние салған. Қайыршылық пен үнемі жүйелі режиммен тамақ жемегендіктен жаңа туған сәбилердің 80% төмен қалыпты салмақпен туылады. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: