Иорданиядағы босқындарға арналған мектеп сәулет сыйлығын алды

Иорданиядағы босқындарға арналған мектеп сәулет сыйлығын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Emergency Architecture and Human Rights (EAHR) ұйымдастырған «Босқын-балаларға арналған 100 мектеп» атты жоба – Сирия босқындар ұрпағына білім беру деген мақсат және креативті тәсілдемесі үшін басты сәулет сыйлығын алған. Аталмыш жоба аясында EAHR Сириямен шекаралас жатқан елдердегі босқындар лагерінің аймағында 100 мектеп пен футбол алаңдарын салуды жоспарлауда.

Ішіне топырақ салынған қаптардан жасалған сондай ғимараттың біріншісі Иорданиядағы Заатари лагерінде орналасқан. Күндізгі уақытта балалар сабақ оқыса, кешкі мезгілде ересектер сауаттарын ашады екен. Ғимараттың дизайнын сәулетшілер алдымен босқындармен және тұрғылықты халықпен талқылаған. Мектеп омартаға ұқсатып салынған.

Мұндай ғимараттар жылдам әрі қарапайым, мықты, қолжетімді материалдардан салынады, сондай-ақ, бұл ғимараттар арнайы құрылыс саласынан хабары бар мамандарды да қажет етпейді. Аталмыш ғимарат Чилиде өткен ХХ Биеннал сәулет бас жүлдесін әрі  ArchDaily жылдың «Шағын құрылысы» сыйлығын жеңіп алған.


asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: