Малайзияда тұңғыш халал криптовалюта шығады

Малайзияда тұңғыш халал криптовалюта шығады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзияда жуырда шариғат қағидалары мен заңдарына сәйкес келетін GOLDX криптовалютасы шығарылмақ.

 

Әлемдегі тұңғыш халал криптовалютасын шығарумен HelloGold компаниясы айналысатын болады. Сонымен қатар, токендер, Сингапурдегі аккредиттелген компания қоймасында сақтаулы алтын қорымен қамтамасыз етілетін болады.

 

Компания өкілдерінің айтуынша, халал криптовалютаға қатысты операциялар Ислам қаражат келісімшарттарының барлық қағидаларына сәйкес болады, яғни, транзакцияның анықтығымен, ашықтығымен әрі жылдамдығымен ерекшеленбек. GOLDX — ислам әлемі үшін дайындалған әрі шариғат құқықтарының білгірлерімен құпталған тұңғыш криптовалюта болмақ. Дайындаушылар халал криптовалюта шариғат құқықтық әрі қаражаттың маңызды жүйесі болып табылатын - Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінде сұранысқа ие болады деп үміттенуде.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: