Мысыр мен БАӘ-нің басшыларының Әбу-Даби кафесіндегі кездесу бейнесі әлеуметтік желілерге таралып кетті

Мысыр мен БАӘ-нің басшыларының Әбу-Даби кафесіндегі кездесу бейнесі әлеуметтік желілерге таралып кетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысыр президенті Әбделфаттах әс-Сиси мен БАӘ-нің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Зейдтің кездесу барысындағы бейне әлеуметтік желілерге лезде таралып кеткен. 

Екі мемлекет басшыларының Әбу-Даби қаласындағы қатардағы кафеде кездесіп, тамаққа тапсырыс беріп әрі ас кезінде белсенді түрде бір нәрсені талқылап отырғандары ғаламтор қолданушыларының көңілін аударған. 

Ең қызығы, аталмыш бейне жазба әлеуметтік желілерде әртүрлі реакция тудырған.

Қолданушылардың жартысы қорықпай «халыққа шыққан» араб көш басшыларының әрекетіне тәнті болса, ал басқалары Мысырдағы президенттік сайлау алдындағы әс-Сисидің төменгі рейтингін осылайша көтеру мақсатында жасалған пиар деп күдіктенуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: