2017 жылы әлемдегі саяхатшылар саны жағынан рекорд жасалды

2017 жылы әлемдегі саяхатшылар саны жағынан рекорд жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2017 жылы әлемдегі халықаралық саяхатшылар саны 1,322 миллиард адамды құраған, бұл соңғы 8 жылдағы жоғары көрсеткіш болып табылады. Бұл жөнінде Дүниежүзілік туристік БҰҰ есептемесінде мәлімденген. 

Өткен жылы Еуропаға шамамен 671 миллион адам келген, Азия-Тынық мұхиттық аймағына – 324 миллион, Солтүстік және Оңтүтік Америкаға – 207 миллион, Африкаға – шамамен 82 миллион, Таяу Шығысқа – 58 миллион.

Ұйымның мәлімдеуінше, ғаламдық экономиканың біртіндеп қалпына келуі әлемдегі саяхатшылар санының өсуіне жақсы ықпал еткен.

Сарапшылардың болжауынша, келешекте халықаралық саяхатшылар саны бұдан да өседі. 2018 жылы саяхатшылар санының өсуі орташа есеппен 4-5% құрайтын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: