Тунисте музыкалық білімі бар азаншылар пайда болады

Тунисте музыкалық білімі бар азаншылар пайда болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Азаншылармен азанның айтылу сапасын арттыру мақсатында Тунис билігі тәжірибе жасап көруге бел буды. 

Бұдан былай азаншыларды Мұхаммед ар-Рашид атындағы Тунис музыка институтында дайындайтын болады.

Дін істер министрі Ахмед Адумның айтуынша, тәжірибе нәтижесінде тунис мектебіне сәйкес азаншылардың жаңа буыны пайда болмақ. 

Азаншылардың азанды дұрыс айтуын фонетика мен музыка саласындағы мамандар үйретеді деп жоспарлануда. Оқудың бірінші кезеңінде Тунистің ірі мешіттерінің азаншылары оқытылмақ, содан кейін елдегі барлық мұсылман ғибадатханаларының азаншылары қамтылатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: