Пайғамбарымыздың (ﷺ) нұры Исмаил пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан кімге берілген?

Пайғамбарымыздың (ﷺ) нұры Исмаил пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан кімге берілген?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исмаилдың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын)әйелі Халиядан Қайдар есімді ұл дүниеге келеді де қасиетті нұр сол балаға беріледі. Алла Тағала Қайдарға ешкімде болмаған жеті қасиетті берген:

1. Ол қашып бара жатқан кербұғыны қуып жететін болған.  

2. Құралайды көзден атқан мерген болған.  

3. Ат жарысында оған тең келер жан болмаған.  

4. Оның күшті болғандығы сондай, қолын ешкім қайыра алмаған әрі күрескенде ешкім қарсы тұра алмаған.

5. Оны қастерлегендіктен ешкім оның бетіне тіке қарай алмаған.

6. Мықты еркектік күшке ие болған.  

7. Алла Тағала оған Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) асыл бейнесін берген.

Исмаил пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нұрын сақта деп Қайдарға өсиет айтады. Сондай-ақ, ұлына Өсиет Кемесін қалдырып, біршама уақыттан кейін бақилық болады. Алла Тағала Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жөнінде: «Ол уәдесіне берік болған», - деп айтқан. Расында, ол уәде мәселесіне аса мұқият болған. Күндердің күнінде ол бір адаммен келісілген жерде кездесуге келіседі, бірақ әлгі адам кездесу туралы мүлде ұмытып кетеді. Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) болса әлгі адамды сол жерде үш күн, үш түн күткен екен. Үш күн өткен соң әлгі адам кездесуі есіне түсіп келісілген орынға келіп, Исмаил пайғамбарды (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) сол жерден тапқандығы айтылады.

Өлерінің алдында Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қасына бауыры Ысқақты шақырып алып, өсиетін қалдырады. Пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жүз отыз жыл өмір сүріп, ақирет өмірге аттанған екен. Оны Қағбаның қасына Рұқн мен Мақамның арасына жерлейді. Оның анасы Хажар ұлының қасына жерленеді. Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) сексен тоғыз жасқа келгенде, Ибраһим пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) көз жұмған болатын. Бір риуаятқа сәйкес, оның өлімі мен Пайғамбарлардың Сұлтаны Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуінің арасында екі мың алпыс жыл өткен екен.

Исмаил пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) өлімінен кейін оның ұрпағының арасында Қайсар аса көрнекті болады, барлығы оның айбындылығын мойындайды. Ол Исмаилдың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) мұрагері болады, ол әкесінің өсиетін орындап, арсыз әйелдермен жақындықтан аулақ болып, пайғамбарлықтың қасиетті нұрын пәк әрі адал әйелге беруі тиіс болған. Қайдар Ысқақ пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қыздарының біріне үйленеді, алайда нұр оған берілмейді. Ол тағы да үйленеді, бірақ бұл жолы да нұр әйеліне берілмейді. Осылайша, ол қайта-қайта үйлене береді, бір жыл ішінде жүз рет үйленеді, бірақ бірде бір әйелі одан жүкті болмайды. 

Күндердің күнінде Қайдар аңға шығады. Оның маңдайы қасиетті нұрдан жарқырап тұратын. Адам кейпіне еніп алған жындардың қыздары өздерін Қайдарға ұсынып, оған патшаға лайық сыйлықтар сыйлайды. «Біз — патшаның қыздарымыз, бізді әйелдікке ал», - деп өтінеді олар, бірақ солардың біреуіне жақсы ниетпен қарай бастағанда, оның барлық дене мүшелеріне тіл бітіп, оған былай айтады:

«Сен — Исмаил пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) мұрагерісің әрі сенде Алла Сүйіктісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нұры бар. Бұл нұрды тек неке қиюға рұқсат етілген жанға беремін деген уәде сенен алынған болатын».

Осылайша, Қайдар олардан қапаланған түрде бас тартқан. Ал олар жылап кетіп бара жатып былай айтқан: «Бұл нұр берілетін әйел қандай бақытты болады». Қайдар құс не аңды ұстап алса, оларға тіл бітіп, Алласыз оларды жемеулерін өтінген, өйткені Алла Тағала есімі айтылмай желінетін тамақ оған лайық емес еді. 

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: