Бәдірдегі шайқас: періштелер мен шайтандардың қарсы тұруы

Бәдірдегі шайқас: періштелер мен шайтандардың қарсы тұруы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала ислам дінін қасиетті еткен соң, Ол Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Өз дінін таратып бастауға рұқсат береді. Бұл Меккеден Мединеге қоныс аударған соң, хижраның екінші жылы орын алған болатын.  

Мұның себебі келесіде: 

- Күндердің күнінде хазірет Хамза (ол кісіге Алла разы болсын) жолда келе жатқанда үш адам оның жолын бөгеп, дініне тіл тигізеді. Бұған шыдамаған Хамза қылышын суырып алып, үшеуін де өлтіріп тастайды. Мұны естіген басқа иман келтірмегендер мұсылмандармен жауласып, кек алмақшы болады. Сонда мәртебелі Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүміндерге шайқасқа дайындалуды бұйырады.

Мұсылмандардың кәпірлерге қарсы алғашқы шайқасы — Бәдірде өткен шайқас, бұл жөнінде тәпсірлерде баяндалған.

Бәдір шайқасы

Күндердің күнінде құрайыштардың сауда керуені Меккеден Шамға жол тартады. Қайтадан қайтып келе жатқанда, Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) бұл туралы біздің сүйікті Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хабарлайды. Мұсылмандар дайындалып, керуенге қарсы шығады. Бұл хабар Меккеге де жетеді. Меккеліктер әскер жиып, мұсылмандарға қарсы тұрады.   

Әбу Жәһил Қағбаның үстіне шығып, халыққа былай жар салады: 

- Әй, Қағбаның адамдары! Әй, Меккенің тұрғындары! Тұрмаңдар! Тұрмаңдар! Мұхаммедтің сахабалары сендердің мүліктеріңді жаулап алды. Сендер енді өмір сүру құқықтарыңнан айырылдыңдар. 

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұны Жәбірейілден (оған Алланың сәлемі болсын) естиді, сосын үш жүз он үш ансарлар шайқасқа аттанады. Олардың ішінде тек екі салт атты ғана болады. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) келіп Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтады:

- Уа, Мұхаммед! Алла Тағала саған таңдау береді, сен керуенге шабуыл жасайсың не болмаса әскерге қарсы шайқасасың.

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұны сахабаларға жеткізеді. Сахабалардың пікірі екіге бөлінеді. Әбу Бәкір әс-Сыддық, Омар мен Али  (оларға Алла разы болсын) әскерге қарсы шайқасуға келіседі. Ансарлардың бірі Са'д бин Муаз былай айтады:

- Уа, Алла Елшісі! Сен не айтсаң, біз соған келісеміз. Егер теңізге түсіңдер десең, біз суға түсуге бармыз. Уа, Алла Елшісі! Исраил ұлдарының Мұсаға (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жасағанын саған жасамаймыз, олар былай айтты емес пе:

 «Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз. Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Әрине біз мұнда отырамыз” деді» (5:24).

Меккеден тоғыз жүз елу адамды ертіп Әбу Жәһил келеді. Мұны көрген Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолдарын көкке көтеріп, дұға жасайды:

- Йа, Раббым! Егер Сен мына адамдарды құртып жіберсең, жер бетінде Саған құлшылық ететін ешкім қалмайды деп жерге иілгендігі сонша оның киімі иығынан сыпырылып, жерге түсіп қалады. Оның киімін жерден алып, иығына жапқан Әбу Бәкір (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтады:

- Уа, Алла Елшісі! Сонша неге қайғырасыз? Алла сізге екеудін бірін беруге уәде етті ғой.

Осыдан кейін Алла Тағала оларға қатарында Жәбірейіл мен Микәйіл (оларға Алланың сәлемі болсын) бар мың періштені жібереді. Бұл періштелер Ислам әскерінің қарасын көбейтіп көрсету үшін түсірілген болатын. Мұны көрген Әбу Жәһил:

- Йа, Раббым! Өзің қатты жақсы көретін әскерге көмектес, - деп айғай салады.

Міне, екі әскер қатар түзеп, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Топ-топ болып шайқасқа кіріседі. Атқа мініп алған Хазірет Әли (ол кісіге Алла разы болсын) алға шығып, кәпірлерге:

"Мен — Алла мен Оның Елшісінің арыстанымын!" - деп саңқ етеді.

Қарсы шептен Әбу Жәһил шығады. Мұсылмандардан екі жауынгер шығып, бірден Әбу Жәһилді семсермен ұрып жығады. Ол жерге бетімен құлап түседі. Әлгі екі мұсылман Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, әр қайсысы оны ұрған өзі екендігін айтады. Олардың қан тамып тұрған семсерін көрген Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 «Екеулерің де ұрыпсыңдар.  Ал Әбу Жәһилдің өлі не тірі екенін бізге кім айтады?», - деп сұрайды.

Абдулла бин Масуд шайқас алаңына шығып, қан болып жатқан Әбу Жәһилді көреді. 

- Біздің қатарымызды жайратқан сендермісіңдер? - деп күбірлейді Әбу Жәһил.

- Сеніңше кім енді? - деп сұрайды Абдулла.

- Сендер емес, бізге шапқан періштелер.

- Сен өзіңді Перғауыннан күштімін деп санайсың ба? Неге біздің дінімізді қабылдағың келмейді? Мұхаммедке көмекке періштелердің келгенін көріп тұрсаң да иман келтіргің келмейді. Егер саған рақымшылық танытпасам не болады?

Бәдір шайқасында он төрт сахаба шейіт болады. Кәпірлердің жетпісінің көзі құртылады, соншасы қолға түседі.

Мукатил бин Сулейман келесіні айтқан болатын:

- Әлем жаратылғаннан бері Бәдірдегі шайқас сияқты қарама-қарсы келу болған емес, өйткені бір жағында үш жүз он үш сахаба әрі мың періштемен Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шайқасып жатса, ал келесі жақта лағынет айтылған Шайтан мен тоғыз жүз елу имансыздар шайқасқан еді.

Сол шайқастан кейін Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолға түскен олжа мен тұтқындарды алып Мединеге оралады. Ол бақытты еді, өйткені Алланың мейірімі мен рақымы мұсылмандар жағында болған, ал иман келтірмегендер Алланың жазасына ұшырап, қаза тапқан.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: