Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) кімді ең зиянды деп атаған?

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) кімді ең зиянды деп атаған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ﷺ) көзінше бір адамның Әбу Бәкірге ұрысқанын айтқан. Сонда Алла Елшісі () қуанып, күліп тұрады.

Әлгі адамның ұрысуы шектен шығып кеткенде, Әбу Бәкір (ол кісіге Алла разы болсын) оның кейбір сөздеріне жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз () ашуланып, кетіп қалады. Әбу Бәкір оны қуып жетіп: «Уа, Алла Елшісі! Әлгі адам маған ұрсып жатқанда, сіз отырдыңыз, ал оның кейбір сөздеріне жауап қатқанымда, орныңыздан тұрып, кетіп қалдыңыз», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (): «Ақиқатында сенің қасында періште болды әрі ол жауап беріп тұрған, бірақ кейбір сөздеріне өзің жауап бере бастағанда, шайтан пайда бола кетті, ал мен шайтанның қасында отыра алмаймын», - деп жауап береді. Тағы да Пайғамбарымыз (ﷺ): «Уа, Әбу Бәкір! Үш нәрсе бар. Үшеуі де хақ. Алланың құлына әділетсіздік жасалғанда, ол Алла үшін бұл істі қалдырса, онда Алла оны Өз көмегімен нығайтады. Кімде-кім байлығын арттыру үшін шығын есігін ашар болса, Алла оның байлығын кемітетін болады. Ал кімде-кім Алла разылығы үшін сыйлықтар сыйласа, оған Алла одан да көп береді», - деп айтқан.

 Ибн Ғаббас, ақиқатында, Алла Елшісінің () былай айтқанын келтірген: «Әр нәрсенің өз қадірі бар. Ең қадірлі жиын  - Қыбла жаққа бағытталған жиын, тек сол жағдайда сіз аманатпен, яғни, тынышталып отырасыз. Ұйықтап жатқандар мен дәретсіздердің артында намаз оқымаңдар. Намаз оқып жатқанда, жылан мен шаянды өлтіріңдер. Қабырғаны киімдермен жаппаңдар. Кімде-кім бауырының кітабына рұқсатсыз қарап қойса, ол отқа қарағандай болады. Кім мықты болғысы келсе, Аллаға сенім артсын. Кім ең қадірлі болғысы келсе, Алланың тыйым салғанынан бойын аулақ ұстасын. Кім ең бай болғысы келсе, өз қолындағыға емес, Алланың құзырындағы нәрсеге көбірек сүйенсін».

Содан кейін Алла Елшісі (): «Сендердің ең зияндыларыңды айтайын ба?», - деп сұраған. Олар: «Әрине, уа, Алла Елшісі», - дейді. Сонда біздің Пайғамбарымыз (): «Кім тамағын оңаша жеп әрі қызметшісін ұратын болса», - деп жауап берген.

Содан соң Алла Елшісі (): «Әлгіден де зияндыны айтайын ба?» Олар: «Әрине, Алла Елшісі». Сонда Алла Елшісі (): «Адамдарға ашуланатын әрі адамдар оған ашуланатын болса».

Сосын Алла Елшісі (): «Әлгіден де зияндыны айтайын ба?» «Әрине, уа, Алла Елшісі». «Кім жалынып тұрғанның қатесін қабыл етепей әрі күнәсін кешірмейтін болса».

Содан кейін Алла Елшісі (): «Әлгіден де зияндыны айтайын ба?» «Әрине, Алла Елшісі». «Кімге үміт артуға әрі сенуге болмайтын болса және оның зұлымдығы саған зиян келтірмейді».

Осыдан кейін Алла Елшісі () былай айтқан: «Асылында, Ғиса (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) бани Исраил халқымен тұрған. Бір күні Ғиса (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) оларға: «Уа, бани Исраил, надандардың алдында даналық туралы айтпаңдар, өйткені сендер даналыққа кесір тигізесіңдер. Даналықты тыңдауға лайықты адамдарға тыйым салмаңдар, әйтпесе сендер оларға зиян тигізесіңдер». Тағы да ол: «Даналыққа зиян тигізесіңдер. Зұлымға зұлымдығын қайтармаңдар, әйтпесе, Жаратушы алдындағы қадіріңнен айырыласыңдар. Уа, бани Исраил, үш нәрсе бар: біріншісі — жақсы нақты нәрсе, соны ұстаныңдар; екіншісі — жаман анық нәрсе, одан аулақ болыңдар; үшіншісі — алауыздық бар нәрсе, оны Алла мен Оның Елшісіне қайтарыңдар».

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: