Қиямет күні бұл адамдар құмырсқаның көлеміндей болып тіріледі

Қиямет күні бұл адамдар құмырсқаның көлеміндей болып тіріледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тәкаппарлық – ақиқатты жоққа шығару әрі адамдарға деген паңдық қарым-қатынас» (Мүслим). Хадисте тәкаппарлыққа осындай анықтама берілген.

Кезінде дәл осы тәкаппарлық адал құл Әзәзілді Шайтанға айналдырған болатын, сол үшін адамдар Алла Елшілерін қабылдамай, Алла уахилерінен бас тартқан еді. Көріп отырғанымыздай, тәкаппарлық пен астамшылық дінді қабылдау жолында кедергі болып әрі жан ауруының барлық түрінің түбірі болып табылады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кімнің жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса, ол Жұмаққа кірмейді деген.

Үш күнәһар 

Хадисте былай айтылған: «Қиямет күні Алла Тағала үшеумен сөйлеспейді, тазартпайды да қарамайды. Олар: бұзылған қарт, өтірікші билеуші және өркөкірек кедей (Мүслим).

Тәкаппарлық деген не?

Ардақты Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Жүрегінде тарының көлеміндей тәкаппарлық бар адам Жұмаққа кірмейді» (Табарани). Сонда бір адам: «Ал егер адам әдемі киім мен әдемі аяқ-киім кигенді жақсы көре ше?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап берген: «Ақиқатында, Алла — Сұлу әрі Ол сұлулықты сүйеді, ал тәкаппарлық — ақиқатты жоққа шығару әрі адамдарға деген паңдық қарым-қатынас» (Мүслим).

Адамдардың ең жексұрыны

Мұса пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Алладан былай сұрағаны келтірілген: «Уа, Жаратушы, адамдардың қайсысына Сен қатты ашуланасың?» Сонда Алла: «Тәкаппарға, ғайбатшыға, өтірікшіге әрі сараңға», - деп айтқан.

Тәкаппарлық  — кедергі

Бір хадисте былай айтылған: «Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында отырған бір адам сол қолымен тамақ жеп отырады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Оң қолыңмен же!» - дейді. Әлгі адам: «Мен жей алмаймын», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі адамға: «Жей алмайсың сен, өйткені саған тәкаппарлықтан басқа ештеме кедергі келтіріп тұрған жоқ», – деп айтады. Ал әлгі адам осыдан кейін сол қолын аузына апара алмаған екен» (Мүслим).

Аллатәкаппарларды қорлайды

«Қиямет күні тәкаппарлар құмырсқадай (түйірдей) адамдар кейпінде тіріледі әрі олар әр жақтан қорланатын болады» (Насаи).

Дауа:

Тәкаппарларды, өркөкіректер мен дандайсығандарды ешкім де сүймейді. Біз біреулерді кемсіткендерді сүймейміз. Керісінше, бой ұсынғыштарды, кішіпейілдер мен қарапайымдарды сүйеміз, соларға жақын боламыз.  Бізді сыйлайтын әрі құрметтейтіндерді бағалаймыз. Тәкаппарлықтың дауасы – бойұсынушылықта.

1. Тәкаппарлықтың қандай зиянды екенін, Қиямет күні Алла Тағаланың ондай адамдарға деген қарым-қатынасын әрі олардың қандай шығынға ұшырайтынын түсіну маңызды.

2. Бойұсынушылықтың көркем үлгісі ретінде Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін, өмі тарихын оқып-біліңіздер.

3. Өзіңді басқалардан жоғары қойма, тәкаппарлық – Алла Тағалаға тән қасиет.

4. Өлімнен кейінгі өмірді есте сақтаңдар.

«(Жаны шықсын) Оған, адам баласы қалай қарсы? Алла адамды не нәрседен жаратты? Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. Сосын оның жолын оңайластырды. Кейін оған өлім беріп, оны қабірге қойдырды. Қалаған сәтте, оны тірілтеді. Жоқ, ол Алланың әмірін орындамады» (80:17-23).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: