Мысыр президенті Африка одағын басқаратын болады

Мысыр президенті Африка одағын басқаратын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Африка одағының 2019 жылғы төрағасы болып Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси тағайындалды. 

Естеріңізге сала кетсек, екі күндік біріктіру саммиті өткен демалыста Эфиопия астанасы  Аддис-Абебеде өтті. 

«Гвинея президенті ас-Сисиді Мысырдың Африка одағының  2019 жылғы төрағалығына сайлануымен құттықтады», - деп РИА Новости Мысыр президенті кеңсесінің хабарламасын келтірген. 

Африка одағының 2018 жылғы төрағасы болып Руанда президенті Поль Кагаме сайланды.

Айта кету керек, Аддис-Абебеде өткен биылғы саммиттің басты тақырыбы — африка континентіндегі сыбайлас жемқорлықпен  және лаңкестікке қарсы күрес, сондай-ақ, келешекте панафрикалық ұйымдар құрылымын реформалау. 

Африка одағы 1963 жылы мамыр айында құрылған, оның құрамына 55 мемлекет кіреді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: