Германияда тым оңшыл саясаткер исламды қабылдады

Германияда тым оңшыл саясаткер исламды қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Суретте - Вагнер және «Ислам Германияның бөлігі болып табылмайды» деген ұраны бар плакат.

Германияның көрнекті тым оңшыл саясаткерердің бірі Артур Вагнер исламды қабылдап, «Германияның баламалы таңдауы» партиясынан шығып кеткен. Бұл жөнінде партия өкілі Даниэль Фризеге сілтеме жасай отырып Deutsche Welle мәлімдеген.

«Партияның бұл мәселеге қатысты еш қиындығы жоқ», - деп айтқан Фризе, сондай-ақ, бұл партия құрамында мұсылмандардың, христиандардың мүдделерін қорғайтын топтар бар екендігін де атап өткен. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы «Германияның баламалы таңдауы» партиясы алғаш рет сайлаушылардың 12,6% дауысын жинап бундестаг құрамына кірген. Сайлауалды кампаниясында партия белсенді түрде «Гермнияда Исламға орын жоқ» сияқты антиисламдық ұрандарды қолданған болатын, сондай-ақ, шекарада Африка мен Таяу Шығыстан босқындардың келуіне қатаң бақылау жасауды қолға алмақ болған.

Вагнер Бранденбург жеріндегі партияның басты тұлғасы болып саналады, өз аймағы бойынша ол шіркеулер мен діни қауымдастығына жауап берген. Ол — ресейлік неміс.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: