Анджелина Джоли Иорданиядағы босқындар лагерінде болып қайтты (Фото)

Анджелина Джоли Иорданиядағы босқындар лагерінде болып қайтты (Фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Танымал голливуд актрисасы әрі БҰҰ босқындар ісі жөнінен агенттік басшылығының арнайы елшісі Анджелина Джоли Иорданиядағы Заатари босқындар лагерінде болып қайтты. Бұл жөнінде Associated Press агенттігі мәлімдеген. 

Аталмыш сапар барысында Джоли лагерде тұратын балалармен тілдесіп, кезекті рет халықаралық қауымдастыққа «мейірімсіз соғысты» тоқтату үшін барлық күш-жігерді салу туралы үндеу тастады.

«Сегіз жылға созылған аяусыз соғыстың салдарынан өз елін тастап, Иорданияға келіп жан сауғалап, босқын болып жүрген сириялықтардың жан жарасы мен тән жарасын көру жүрегіме ауыр тиюде», - деп БАҚ өкілдері актисаның айтқанын дәйексөз ретінде келтірген.

Сонымен қатар, Джолидің айтуынша, Иордания және Сирияға көршілес жатқан бірқатар елдер аталмыш соғыстың  басталғанынан бері туған елін тастап қашуға мәжбүр болған 5,5 миллион босқынды қабылдап, «босқындарға ниеттес емес елдерге көркем үлгі болуда».

Анджелина Джоли побывала в лагере беженцев в Иордании (Фото)

Анджелина Джоли побывала в лагере беженцев в Иордании (Фото)

Анджелина Джоли побывала в лагере беженцев в Иордании (Фото)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: