Жұмақтың төрт өзені бейнеленген көз көрмеген мешіт

Жұмақтың төрт өзені бейнеленген көз көрмеген мешіт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Невиданная мечеть четырех райских рек

Дохада (Катарда) заманауи архитектураның эталоны аталған сән-салтанаты келіскен жаңа мешіт бой көтерді. Ерекше мұнара, көлеңке мен жарықтың үйлесімді ішкі көрініс тұжырымдамасы, сөзсіз, арабтың өрме жазуы мен алтын — бәрі көздің жауын алардай. Саяхатшылар мен қажылардың айтуынша, бұл ғимарат шөлдің ортасына келіп қонған ғарыш кемесі іспетті.

Невиданная мечеть четырех райских рек

Дохадағы ерекше ғибадатхананың құрылысы 2013 жылы басталған. Бүгінгі күні аталмыш кешен көкке созылған екі лента өз өрілісі тұсында мешіт кеңістігін түзейді.

Невиданная мечеть четырех райских рек

Мешіттің негізгі сәулет элементі – араб өрме жазуымен көмкерілген әрі исламның бес шартын білдіретін орасан зор бес бағана болып табылады. Олардың маңайында шарап, сүт, бал және су болып ағатын Жұмақтың 4 өзенін білдіретін 4 ағын бар, олар бұрқақ болып бір жерден шығады.

Невиданная мечеть четырех райских рек

Мешіттің орталық алаңы каллиграфиялық жазбалармен және геометриялық өрнектермен көмкерілген.

Невиданная мечеть четырех райских рек

Мешіттің екі мұнарасы ғимараттың үйлесімді жалғасы болып табылады әрі олар бір жақта орналасқан. Олар биікке көтеріліп, Мекке жаққа еңкейген. Мұнаралардың биіктігі шамамен 90 метр және олар құлшылық бағытын көрсететін нұсқаушы қызметін де атқарады.

Невиданная мечеть четырех райских рек

Мешіттің қабырғаларында  – алтын михрабқа келіп түйісетін Құранның аяттары өрнектеліп жазылған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: