Сүннетте көрсетілген ұйғарымның 4 түрі

Сүннетте көрсетілген ұйғарымның 4 түрі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранның аяты -Дереккөз, ал Сүннет — дәлел болып табылады.

Сүннеттің мағынасы қандай маңызды болса да, бірақ ол Дереккөздер арасында Қасиетті Құраннан кейінгі орында тұрады. Егер Құранда бір мәселе жөнінде ашық хабарлама болса, онда Сүннетке жүгіну қажеттілігі болмайды. Бұл жөнінде Мұғаздан жеткен хадисте айтылған. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қиын жағдай туған кезде қандай әрекет етесің деп сұрағанда, ол Құранға жүгінемін деп жауап берген. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ал егер жауапты Құраннан таппасаң не істейсің деп сұрағанда, ол Сүннетке жүгінетіндігін айтқан.

Бұл жөнінде аш-Шатибидің «әл-Мууафакаат» рияуатында келтірілген. Омар  хазіреттің Кады Шурайхке жазған хатында: «Егер мәселенің шешімін Алла Кітабынан тапсаң, басқа ешкімнен сұрама. Егер Алла Кітабынан ашық түсіндіруді таппасаң, онда Пайғамбардың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне жүгін». Осындай хабарламалар көптеп кездеседі. Бұлардың бәрінің айтатыны, егер Құранның аятында жасырын мағына болса, онда жағдайды анықтап алып үшін Сүннетке жүгіну керек.

Сөзсіз, бұл муджтахидтердің ісі.

Сүннетте көрсетілген ұйғарымдардың түрлері.

Сүннет ұйғарымдарын Құран ұйғарымдарымен салыстыру барысында ғалымдар қйғарымның төрт түрін анықтайды. Ұйғарымның бірінші түрі - Сүннет ұйғарымы бүтіндей Құран ұйғарымына сәйкес келеді. Бұл жағдайда, бір мәселенің бірден екі жауабы болады. Құранның аяты - Дереккөз, ал Сүннет – дәлел.

Ұйғарымның екінші түрі — Құранның аталмыш аятының ұйғарымы, оның мағынасын Сүннеттің аша түсуін талап етеді. Бұл аяттардың мағынасы түсінуге қиын немесе онда бірнеше мағына бар, бұл «муджмал» немесе «мүшкіл».

 Мысалы, «Бақара» сүресінің 43-ші аяты «муджмал» аятқа жатады: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер...». Бұл жерде не ракағат саны, не намаз уақыты, не зекет төленетін нисаб, не зекет төленетін мүлік туралы айтылмаған.  Мұның нақтысын біз Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетінен таба аламыз.

«Мүшкіл» аятқа аталмыш сүренің 187-ші аяты жатады, онда сәресінің уақыты, ақ, қара жіп туралы айтылады.

Ұйғарымның үшінші түрі. Бұл ұйғарымның түріне хадистер жатқызылады, кейбір ғалымдардың пікірінше, олар әлдебір Құран ұйғармын өзгертеді. Олар мысал үшін «Бақара» сүресінің 180 аятын келтіреді, оның мағынасы: "Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, әке-шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. Өсиет тақуаларға бір міндет" (2:180). Ғалымдардың есептеуінше, бұл аят Бұхари мен Әбу Дәуд келтірген Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан сөзімен өзгертілген, мағыналық аудармасы мынадай: «Мұрагерлерге өсиет жоқ».

Ұйғарымның төртінші түрі — Сүннет Құранда ештеме айтылмаған әрекеттерді мұсылмандарға белгілейді. Бұларға хадистер жатады: марқұмның апасына оның мұрасының алтыншы бөлігін беру; абайсызда туыстары немесе өлтірушінің астыртын айдап салған адамы өлтіргені үшін төленетін «қан ақысы»; неке қиярда куәлердің қатысу қажеттілігі және басқа да ұйғарымдар. 

Жоғарыда айтылған ақпараттан кейін егер әлдекімде: «Құранда Алла бәрін түсіндірді» деген пікірді қайда қоямыз?», - деген сұрақ туындаса, бұл сұраққа былай жауап беруге болады: Иә, Құран барлық жаратылысты түсіндіру Дереккөзі болып табылады және кейбір ұйғарымдардың Құранда емес, Сүннетте болуында тұрған еш қарама-қайшылық жоқ. Құранда Негізгі Ұйғарымдардың, жалпы жағдайлар мен қағидалардың түсіндірілуі берілген, ал көптеген ұйғарымдардың егжей-тегжейлі түсіндірілуі Сүннетте беріледі. Алла Тағаланың Негізгі Ұйғарымдарының бірі — Оның Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетін ұстану Бұйрығы болып табылады. Мына бір аятты еске түсіру жеткілікті:

«...Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар…» (59:7).

Рияуаттардың бірінде Абдулла б. Мас’уд (ол кісіге Алла разы болсын) пен бір әйелдің арасында осы тақырып жөнінде әңгіме өрбігені келтірілген. Бір әйел Абдулла б. Мас’удке келіп, былай айтады: «Сені кейбір нәрселерді жасайтын адамдарды қарғайды деп естідім. Алла берген түрлерін өзгертетін — өз және өзгенің  денесін әшекейлейтін, өзінің әрі өзгенің қасын жұлатын, тістерінің арасын толтыратын әйелдерге - Алла лағынет жаудырады депсің? Ал мен Алла Кітабынан бұл жөнінде ештеме таппадым ғой». Оған Абдулла б. Мас’уд: «Егер мұқият оқығанда табар едің», - дейді. Әлгі әйел: «Сонда оны қай жерінен табуым керек еді?», - деп сұрайды. Сахаба оған жауап ретінде Алланың былай айтқанын келтіреді:

«...Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі!» (59:7).

Сенімді Сүннеттің кез-келген ұйғарымы, қалай болғанда да, Қасиетті Құраннан алынған, тіпті егер ұйғарым жартылай немесе толықтай Алланың Кітабы — Құранда көрсетілмесе де. Бұған дәлел жоғарыда келтірілген аят пен «Нәжм» сүресінің 3-4 аяттары, мағынасы мынадай:

«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4).

Әбу Асад әл-Ханафи «Сүннетті ұстанушылар мен татулық»

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: