Аса ерекше намаздың 6 қасиеті

Аса ерекше намаздың 6 қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қиямет күні жаршы: "Духа-намазын оқығандар қайда?"- деп сұрайды.

Алла Тағала иман келтіргендерге Өзіне жақындаудың миллион мүмкіндігін берген, солардың ең жақсысы намаз болып табылады. Бірақ шынайы иман келтіруші тек міндетті намаздармен ғана шектеліп қалмайды, оның жүрегі құлшылық етуге деген құштарлыққа толы болады. Духа-намаз - осындай намаздардың бірі болып табылады, сол арқылы жаратылған құл өзінің Жаратушысына жақындап, Оның разылығын алады. Аз уақытта оқылатын бұл намаз көптеген қасиеттерге ие. Жомарт әрі мейірімді Алла осы қарапайым нәрсе үшін, құнды амалдар нәсіп етеді:

1. Ауыртпашылықтан құтылу.

Құдси-хадисте Алла Тағаланың былай айтқаны келтірілген: «Уа, Адамның баласы! Күннің басында Мен үшін төрт ракағат оқығаның жеткілікті, сол үшін Мен сені күннің соңына дейін ауыртпашылықтан құтқарамын!» (Ахмад).

2. Күнәнің кешірілуі.

«Кімде-кім екі ракағат духа-намазын оқыса, Алла Тағала оның теңіздің көбігіндей көп күнәсін кешіреді» (Тирмизи).

3. Жұмақтағы мекен.

«Жұмақта «Духа» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні жаршы: «Духа-намазын оқығандар қайда? Мынау сендердің қақпаларың, Алланың қалауымен, енді осында кіріңдер», -дейді (Табарани).

4. Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жандандыру.

Асхабу-суффа қатарына жататын Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан: «Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған мен өмірі бас тартпайтын үш нәрсені ұсынған. Олар – әр айда үш күн ораза ұстау, күнделікті екі ракағат духа-намазын оқу және ұйықтар алдында үтір намазын оқу» (Бұхари).

5. Барлық істегі сәттілік.

«Кімде-кім дәрет алып, мешітке таңғы духа намазын оқу үшін барса, оның табысы мол болады әрі қайтадан тез оралады» (Ахмад, Табарани).

6. Садақаның орнын толтыру.

«Әрбір жан буыны үшін садақа беруі тиіс. Әрбір тасбих (Субхана-Лла) – садақа, әрбір тахмид (Әлхамду лиЛлә) – садақа, әрбір тәхлил (Лә иләһа иллә-Лләһ) – садақа, әрбір тәкбір (Алла Акбар) – садақа, игі нәрсеге түрткі болу – садақа және ұнамсыз нәрседен тыю – садақа. Осының бәрінің орнын екі ракағат духа-намазы толтыра алады» (Мүслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: