Осы сөздерді айтқан жандарға Қиямет күні Алла Өз бұлақтарынан су ішкізеді

Осы сөздерді айтқан жандарға Қиямет күні Алла Өз бұлақтарынан су ішкізеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Лә иләһа илләллаһ Мұхаммадан Расулюллаһ", - деп айт.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтатын:

- Миғраж түні жеті көктің үстінде болғанымда күркіреген бір дауысты естідім. Сол жерде ішімен жорғалап, қозғалған адамдарды көрдім. Сондай-ақ, ағаштың тамарларына ұқсас жыландар да болған. Жыландар адамдарды ұстап алып, жеп жатқан. Мен:

- Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер? - деп сұрадым.

- Бұлар парақорлықпен айналысқандар, -деп жауап берді ол.

Ибн Фаурак Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келірген: «Миғраж түні мен бір тайпаны көрдім. Олар бүгін егін ексе, ертеңінде жеп отырған. Олар қанша жесе де, азық еш азаймаған.

Мен:

- Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер? - деп сұрадым.

- Бұлар дін үшін күресушілер. Олар Алла жолында шайқасқандар. Алла Тағала олардың сауабын жеті жүз есе немесе одан да көпке арттырған».

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғраж түні нұрдан болған күмбезді көрген. Осы күмбезден төрт бұлақ ағып жатқан. «Мим бисмилләһ» бұлағынан су ақса, «ха бисмилләһ» бұлағынан сүт, «мим Ар-Рахман» бұлағынан бал, «ха Ар-Рахман» бұлағынан шарап аққан. Алла Тағала:

- Уа, Мұхаммед! Сенің үмбетіңнен кімде-кім шын жүрегімен  "Бисилләхиррахманиррахим", - деп айтса, соған Мен Қиямет күні осы төрт бұлақтан ішкіземін.

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақтың екі басындай жерге жеткенде, құлыптаулы нұрдан жасалған сандықты көреді.

- Аллам менің! Бұл сандықта не бар, оның кілті қайда? - деп сұрайды ол.

Алла Тағала:

- Оның кілті сенде, "Лә иләһа илләллаһ Мұхаммадан Расулюллаһ", - деп айт. 

 Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы сөзді айтқанда, сандық ашылып кетеді. Сандықтың ішінен шексіз, шетсіз мұхитты көреді. Мұхиттың ортасында ағаш өсіп тұрады, ал оның бұтағында бір құс отырады. Құстың аяғындағы топырақты байқап қалған Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай сұрайды:

- Аллам менің! Мұхит, ағаш, құс және оның аяғындағы топырақ нені білдіреді?

 Алла Тағала: 

- Уа, Мұхаммед! Сен көрген мұхит — ол Менің мейірім-мұхитым. Ол шетсіз әрі шексіз. Сен көрген ағаш — дүние. Сол ағаштың бұтағында отырған құс — сенің үмбетің. Құстың аяғындағы топырақ — күнә. Олар жасаған күнәлар. Алайда олардың барлық күнәлары Менің мейірім мұхитымның қасында бір уыс топырақ іспеті, ол мұхитқа түсіп кетеді де оны қайтіп көрмейсің. Мен — аяй білетіндерді есіркейтін нағыз билеушімін.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: