Мысыр мүфтиі биткоинге тыйым салды

Мысыр мүфтиі биткоинге тыйым салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысырда биткоиндер заңсыз деп жарияланды.

Мысыр мүфтиі шейх Шавки Аллам «исламда тыйым салынған» биткоиндермен сауда жасауға тыйым салатын пәтуа шығарған.

Діни көшбасшының пікірінше, криптовалютамен сауда жасау сөзсіз «алаяқтық, алдау және надандықпен» түйіндеседі.

«Биткоиндерге шариғатпен тыйым салынған, өйткені олар жеке әрі бір топ  адамдарға немесе мекемелерге зиян келтіреді», - деп жазған мысырлық ең ірі «Al Ahram» газеті.

Естеріңізге сала кетсек, Мысырда криптовалютамен сауда жасайтын алғашқы  алаң 2017 жылдың тамыз айында ашылған, алайда желтоқсан айында елдің зайырлы билігі криптовалютаны заңсыз деп тапқан.

Бас мүфтидің кеңесшісі Магди Ашор Egypt Today баспасына берген сұхбатында,  биткоиндер «тікелей лаңкестерді қаржыландыру үшін» қолданылатынын айтқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: