Ғалымдар ғаламдық жылыну мен Еуропадағы босқындар арасындағы байланысты тапқан

Ғалымдар ғаламдық жылыну мен Еуропадағы босқындар арасындағы байланысты тапқан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғалымдар ЕО-қа келетін босқындар санының өсуін болжап отыр.  

Еуропа елдеріне ықтияр хат алуға тырысушы мигранттар санының өсу себептерінің бірі – ауылшаруашылықпен айналысатын аймақтардағы орташа температураның көтерілуі болып табылуда.

Бұл жөнінде Колумбия университетінің зерттеулеріне сілтеме жасай отырып  ВВС жазған.  

Зерттеу жүргізуші авторлардың пікірінше, соңғы кездері  103 мемлекеттің аграрлық аудандарындағы ауа температурасы жалпы нормадан ауытқыған өте жоғары немесе төмен болуда, соның салдарынан, сол аймақтардың тұрғындары жақсы өмір іздеп туған жерлерін тастап, шекара асып кетуге дайын.  

Колумбия университетінің профессооры Вольфрам Шленкер ВВС-ге берген сұхбатында зерттеу авторларының «2000-2014 жылдардағы ауа-райы ерекшеліктері мен көші-қон үрдісі арасындағы заңдылықты ашқанын» атап айтқан.

Сонымен қатар, ғалымның айтуынша, егер осы климаттық үрдіс сақталатын болса, онда 2100 жылға таман жыл сайын Еуропаға шамамен 660 мың адам көшкісі келетін болады.

2000 жылдан 2014 жыл аралығында бұл көрсеткіш  жылына 350 мың адамды құраған. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: