Қасиетті жұма күні мәуліт шәриф оқылды

Қасиетті жұма күні мәуліт шәриф оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемде және еліміздің түкпір-түкпірінде мәуліт құрметпен оқылып өтілуде. Мұндай шара жұма күні аудандық «Қордай» мешітінде өткізілді.

Арнайы шақырылған қарилар мәуліт қасидаларын мәнерлеп оқып, нақышына келтіре орындады. Айтқан мадақ-салауаттарына жиналған қауым өз ризашылығын білдіріп, ақсақалдар игі тілекпен ақ батасын берді.

Бас имам Д.Жандосұлы екі дүние сардары, Алла Тағаланың елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) дүниеге келіп, күллі адамзат баласына жақсы мен жаманды, халал мен харамды ұғындырып, білім сәулесімен инсан жанына шұғылалы шуақ шашқан мәуліт жайлы мағлұмат берді.

Дәстүрге айналған іс-шараға аудан орталығының жамағаты үлкен қызығушылықпен атсалысты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: