«Әйелдер-қыздар» секторының сапалы жұмысы бағаланды

«Әйелдер-қыздар» секторының сапалы жұмысы бағаланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің мәдени және рухани орталығы Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ "Әйелдер-қыздар" секторының 2017 жылға арналған есебін тыңдады. Аталмыш шараға өңірімізден Жамбыл облысы бойынша "Әйелдер-қыздар" секторының өкілі Зейнеп Үсенова қатысып қайтты. Ержан қажы Малғажыұлының жетекшілігімен өткен мәжілісте діни сауат ашу курсы, үгіт-насихат, жат ағыммен жұмыс т.б. бағыттар бойынша есеп берілді.

«Әйелдер-қыздар» секторының мәселелері ҚМДБ және облыстық өкілдіктің назарынан қалған емес. Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» өкілдігінің негізгі бағыты сауат ашу курстарын ұйымдастыруға, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, санатты топ арасында жат ағымның таралмауына ықпал етуге және қайырымдылық іс-шараларының сапасын арттыруға бағытталған. Айтылған бағыттарда жүргізілген жемісті жұмысы мен сапалы қызметі үшін Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының өкілі Зейнеп Үсенова Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Алғыс хатымен марапатталды.

Өңіріміздің нәзікжанды мұсылман жамағатына қызмет ететін ұстаз Зейнеп Усенова ханымға барша әріптестерінің атыннан берекелі табыс, сарқылмас қуат және шығармашылық тереңдікті тілейміз. Ұстаздың көзге ілінген сапалы жұмысы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігіне берілген жоғары баға деп білеміз.

Бауыржан Мурбеков,

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: