Жамбыл жұртшылығы Мәуліт мерекесін атап өтті.

Жамбыл жұртшылығы Мәуліт мерекесін атап өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық филармонияда адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) мәуліт күніне арналған рухани-тағылымдық кеш өтті. "Асыл мұра" театры мен медресе шәкірттері атсалысқан кештен рухани азық алып, ерекше сезімге бөленіп, әсерлі уағыз тыңдаған Әулиеаталық жамағат өз ризашылығын білдіріп жатты.

Салауатпен ашылған рухани-танымдық кеш "Қазақ даласындағы Ислам" атты деректі фильмнен бастау алды. Фильм Ислам дінінің Қазақ даласына келуі мен таралау тарихын тарамдай келе, еліміздегі заманауи өмірмен астаса байланысып, халықтың рухани жаңаруына септігін тигізетінін баяндады. Әсерлі бейнефильмнен кейін сахна төрінде киелі Құран Кәрімнің шоқтығы "Бақара" сүресінің 285-286 аяттары оқылды.

Кешті өз талантымен әрлеген жүргізуші Бекзат Сәкенұлы кезегін ән мен көріністерге берді. Аса Қамқор және Ерекше Мейірімді Алла Тағаланың керемет нығметтері және Нәбиіміз  Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) адамзатқа құтқарушы болып келуіндегі хикмет пен өмір тарихын баяндайтын әндер, термелер, "Ата мен бала" диалогынан құралған және түрлі көріністермен астасқан рухани құндылықтарға бай бағдарлама жамағаттың сағынышын оятып, мөлдіреген көздерене жас алдырды. "Әулие ата" мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов пен медресе шәкірттері қосылып Мәуліт жырын оқыды.

Тараз қаласының орталық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл уағызын жамағатқа аранады. Өз сөзінде қаланың бас имамы рухани кештің нәтижесінде жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың ыстық сәлемін жеткізді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Әйелдер-қыздар" секторы берекесі мол рухани-танымдық кештен тыс қалмай, сүбелі үлесін қосты. Аталған сектордың ұйымдастыруымен іс-шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен "Пайғамбарға сағыныш" атты рухани жиын екі сағат ішінде екі дүниенің Ханзадасына деген сағыныш пен махабатты жамағатқа жеткізді.

Бауыржан Мурбеков,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: