Отбасылық өмір мен ми және жүйке жүйесінің байланысы қадай?

Отбасылық өмір мен ми және жүйке жүйесінің байланысы қадай?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отбасылық өмір - сана мен жүйке жүйесін сақтаудың үздік жолы. Бұл жайлы, яғни кәрілікте алжудың себептерін анықтау мақсатында кең көлемді зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған бірқатар британдық ғалымдар мәлімдеді. Анықталғандай, жалғыз басты адамдар деменция (өмір сүре келе пайда болатын ақыл-ес кемшіліктері мен жүйке жүйесінің мәселелері) және өзге ми қызметтерінің бұзылуына отбасылы жандарға қарағанда жиі шалдығады екен.

Лодондық ғалымдар ірі 15 зерттеу жұмысын ұйымдастырған. Зерттеуге барлық континенттердің тұрғындары қатысты, оның ішінде Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Азия бар. Жалпы саны 800 мың адам сұралды. Зерттеу нәтижесінде отбасы құрмаған бойдақтар мен отырып қалған қыздар отбасылы құрдастарына қарағанда жүйке дертіне 42%-ға жиірек шалдығады екен.

Ғалымдардың пайымдауынша, отбасы құру жүйке жүйесінің жұмысына пайдалы әсер етеді. Тереңірек үңілсек, отбасы құрған адамдар денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытын тиімді өткізіп, әлеуметтану үдерісінен толық өтеді де, есте сақтау мен ми және жүйке жүйесінің динамиалық дамуын қамтамасыз етеді.

 asyldin.kz


«Алла кімге жақсылық қаласа, оған сынақтар (қиындықтар) жібереді» (Бұхари); 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: