Түркияда жастарды кітап оқуға баулитын ең үздік әдіс ойлап табылды.

Түркияда жастарды кітап оқуға баулитын ең үздік әдіс ойлап табылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түкияның шығысында орналасқан Батман қаласында керемет жастар акциясы өтті. Кафеде отырып, кітап оқығанның әрқайсысы тегін базарлыққа ие болды. "Кітап оқу - өмір қанаты" атты жоба Түркия жастар және спорт министірлігінің жасөспірімдер бастамаларын қолдау бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 

Кафе сөрелерінде тұрған кітаптарды оқып отырған әрбір қонаққа тегін шәй, кофе және тәтті бәліштер ұсынылды.

Провинция губернаторының көмекшісі Мекан Чевирен, жобаның басты мақсаты жастардың ақылы мен жүректерін ең керемет нәрсеге бұру деп атап өтті.

"Әрбір кітап тұнып тұрған жақсылық емес пе?! Ол бір білім мұхитына кемелерді шығаратын бухта сияқты. Осындай шаралармен біз білімді, саналы, рухани қалыптасқан жастарды тәрбиелеуге ниеттіміз", - деді Чевирен мырза. Шара барысында жастардың кітаптарға деген қызығушылық деңгейінің артқаны байқалды.

asyldin.kz


Cәмған ұлы Нәууәс (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық және күнә жайында сұрағанымда: «Жақсылық көркем мінез. Ал күнә, ұжданыңды рахатсыз еткен, ішіңе сақтаған, басқаның естуін қаламаған нәрсе ғой»,- деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: