Мысыр Ислам университеті Қазақстанға берілмек

Мысыр Ислам университеті Қазақстанға берілмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласында жұмыс жасап тұрған "Нұр Мүбарак" Мысыр Ислам Университеті 2018 жылы Қазақстанға берілуі мүмкін. Бұл жайлы республикамыздың Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде хабарлады.

"Қазақстан мен Мысыр арасында унверситеттің жұмысы реттелгеннен кейін Қазақстан тарапына сыйға берілетіндігін растайтын үкіметаралық келісім-шарт жасалған. Университеттің жұмысы ретке қойылғанына бірнеше жыл өтті. Біз үкіметаралық келісімнің бірінші бабы орындалғанынан Мысыр елін хабардар етіп, ресми түрде университет қазақстандық тарапқа тапсырылуы үшін хат жолдадық" - деді Қазақстан Республикасы Дін істер және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.

Еске сала кетсек, "Нұр-Мүбарак" Мысыр Ислам Университетін Қазақстан тарапына беру туралы алғашқы мәлімдеме ағымдағы жылдың тамыз айында БАҚ беттеріне шыққан.

asyldin.kz


 

 Алла Тағала: «Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаға бұрса, онда оның сыйлығы ‒ Раббысында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды», ‒ деген. («Бақара» сүресі, 112-аят)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: