Христиан көршісінің әжетханасын 20 жыл тазалаған мұсылман

Христиан көршісінің әжетханасын 20 жыл тазалаған мұсылман

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Табиғин Хасан Басридің христиан көршісі болған екен. Сол көршісінің үйінің төбесінде салған əжетханасы бар екен.

Əжетханадан Хасанның үйіне қарай арнайы тесік ойып қояды. Сол тесіктен күніге Хасанның үйіне кіші дəрет сындырып жүреді. Мұнысын байқаған Хасан тесіктің астына арнайы ыдыс қойдырады. Ыдыс толғанда төктіріп жүреді.

Сонымен бұл іс жиырма жыл жалғасады. Күндердің бір күнінде Хасан сырқаттанып қалады. Көршісі көңілін сұрауға келеді. Ауланың ішкі жағына кіргенде өзінің сорақы ісін көреді. Тесіктің астындағы шелекті көреді. Хасанға қарап: «Мына сорақы ісіме қаншадан бері шыдап жүрсің?» деп сұрайды. Хасан: «Жиырма жылдан бері» деп жауап қатады. Христиан істеген ісіне қатты өкініп белбеуін кесіп жіберіп, мұсылман болған екен.

P/S Хасан Басридің христианның сорақы ісіне көрсеткен шыдамдылығын мұсылман бауырымызға көрсете білейік!

Бауыржан Әлиұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: