Періште сізбен бірге намаз оқығанын қалайсыз ба?

Періште сізбен бірге намаз оқығанын қалайсыз ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүйім жұртқа намаздың кіргенінен хабар беріп, барша мұсылманды намазға шақыратын азан мен намаздың алдында оқылатын қамад мүәккәд сүннет амал болып табылады.

Ер адам парыз намазды жалғыз оқығанда үйде болсын мейлі көпшілік жерде болсын азан айтып, қамад түсірген абзал. Азан шақырмастан қамад оқып, намаз бастауға болады. Алайда азансыз оқыған қамад мәкрүһ.

Азан мен қамад оқудың артықшылығын мына хадистен байқауға болады:

Сальманнан (р.а) рияуат етілген мына хадисте: «Кімде-кім намаз уақыты кіргенде шөл далада болса, дәрет алсын. Егер ол қамад қана түсіретін болса, онда онымен бірге екі періште намаз оқиды. Егер ол азан мен қамадты да оқыса, онда шеті-қиыры көрінбейтін бір топ періштелер онымен бірге намаз оқитын болады» , – делінген. (Әбу Дәуіт, ас-Сунан,IV / 381-382 )

ihsan.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: