ШВЕЙЦАРИЯДА ИСЛАМ ДІНІ РЕСМИ МОЙЫНДАЛУЫ КЕРЕК

ШВЕЙЦАРИЯДА ИСЛАМ ДІНІ РЕСМИ МОЙЫНДАЛУЫ КЕРЕК

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Швейцариялық саясаткерлер елде Ислам дінін ресми түрде мойындау қажет деген пікір айтып отыр. Осы арқылы радикализммен күресте жеңіске жетуге болады дейді олар.

SonntagsZeitung агенттігіне берген сұхбатында Социал-демократиялық партия басшысы Кристиан Левра жария етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Швейцария аумағында 400 000 мұсылман өмір сүреді. Олардың 60 мыңнан астамы – ел азаматтары.

«Бүгінгі таңда Швейцарияда 240-тай мешіт қызмет жасайды. Ислам біздің мемлекетімізде бар», – деп атап өтті ол.

Кристиан Левра өзі ұсынған жолдың ұтымдылығын былайша дәйектейді. Егер Ислам діні Швейцарияда ресми түрде мойындалатын болса, онда діни білім алу мен құлшылық ордаларын шетелдік экстермисттер емес, өзіміз қаржыландыра алатын болар едік.

Muslim.kz


Бақара сүресі 256 аяты «Дінде зорлық жоқ».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: