Су бетінде жүретін велосипед жасалды (видео)

Су бетінде жүретін велосипед жасалды (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа Зеландияның Manta5 стартапы су бетінде жүретін Hydrofoiler XE-1 велосипедін ойлап тапты. Аталған велосипед «үзеңгілер» немесе электр қуаты күшімен қозғала алады. 

Велосипедтің су бетінде еркін қозғалуға көмектесетін үш қанаты бар. Осы қанаттар жоғары жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Инженерлердің есептеуінше, салмағы 100 кг болатын адам екпін алу үшін «үзеңгіні» 16 рет айналдыруы тиіс.

Hydrofoiler XE-1 оңай кішірейіп, кез келген көліктің жүксалғышына сыйып кетеді. Велосиедтің барлық бөлшегі IP67 стандартына сәйкес жасалған. Сол себепті, олардың сапасына алаңдамауға болады.

Аталған велосипед алғаш 2018 жылдың ақпан айынан бастап сатылады. Әзірге нақты бағасының қанша болатыны белгісіз. Slashgear агенттігінің хабарлауынша, гидробайктың құны 6-8 мың доллар болуы мүмін.

bag.kz

«Ол өз тарапынан көктер мен жер бетiндегi барлық нәрсенi сендерге бойсұндырып бердi. Ой жүгiртетiн ел үшiн, осының өзiнде дәлелдер бар», – деген («Жасия» сүресi, 13-аят). 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: