МҰСЫЛМАН ҚЫЗЫ ҰШҚЫШ АТАНДЫ

МҰСЫЛМАН ҚЫЗЫ ҰШҚЫШ АТАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Саида Сальва Фатима осыдан он жыл бұрын ұшқыш болуды армандаған. Бүгінде ол Үндістандағы коммерциялық ұшқыш лицензиясы бар төрт мұсылман қыздың бірі болып отыр. Саида жуырда Жаңа Зеландия мен Бахрейн елдерінде қосымша білім жетілдіріп қайты.

Енді Азаматтық авиация басқармасының тиісті құжатын алғаннан кейін Airbus A320 ұшағын тізгіндеуге рұқсат алады. Ол Үндістанның кез келген адамға білім алу мүмкіндігі берілмейтін Хайдерабад атты кедей ауданында өмір сүрген. Дегенмен, оның әлеуметтік жағдайы да, діни сенімі де оған еш кедергі келтірмеген, деп жазады India Times. «Мен өз киімімді униформамен жарастырып киемін. Бұған қатысты мәселе болған емес» дейді Саида.

Бүгінде арман еткен кәсібіне қол жеткізген ол оқушы кезіндегі естен кетпес сәтті еске алады. Саида мектеп сабағынан тыс Siasat газеті редакциясына қосымша дәріске барғанында оның болашақ мамандығы жайында сұрақ қойылады.

Саида ұшқыш болуды армандайтынын білген газет редакторы Захид Әли Хан меценаттар тауып, оның авиациялық академияға түсуіне көмектескен. Осылайша мұсылман қыздың арманы орындалды.

Kazislam.kz 


«Күйеуі разы болған мұсылман әйел дүние салса, жәннаттық болады». (Умму Саламадан Тирмизи риуаят еткен).

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: