ТАҒАТТЫЛЫҚ КӨПІРІ АШЫЛДЫ

ТАҒАТТЫЛЫҚ КӨПІРІ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубай арнасын кесіп өтетін көпір Тағаттылық көпірі атауын алды. Бұл туралы БАӘ вице-президенті, премьер-министр, Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұм хабарлады. Көпір атауы 16 қараша күні аталып өтілетін Халықаралық тағаттылық күніне орай қойылған.

«Махаббат пен тағаттылық – коммуникация көпірі және әмбебап тіл. Осы арқылы БАӘ-нің негізін құрайтын гуманитарлық, діни және мәдени құндылықтар таралады» деді вице-президент.

Ол сондай-ақ, «ұлт пен тағаттылық – медальдің екі беті» екенін атап кетті. Дубай әмірінің айтуынша, тағаттылық – елдің әрбір тұрғыны үшін ұлттық міндет және болашақты құруға қажетті элемент. Шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұм қазіргі уақытта әмірлікте 200-ден аса ұлт бейбітшілік пен келісімде өмір сүретінін еске салды.

Kazislam.kz 


Қасиетті Құранда былай делінеді: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да үңдемендер. Осылайша рақымға бөленерсіңдер» («Ағраф» сүресі, 204-аят

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: