ҒАРЫШТА БОЛҒАН ҚҰРАН КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

ҒАРЫШТА БОЛҒАН ҚҰРАН КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғарышқа жеткізілген Құран кітабы, Ұлыбритания патшайымының сыйлығы және оның мектеп бітірген кездегі аттестаты, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары. Осының барлығын енді әрбір адам көрмеден тамашалай алады.

Алматы қаласында Мемлекет басшысына арналған жылжымалы көрме ашылды. Онда жүздеген қызықты экспонаттар, оның ішінде бірқатар мемлекет басшыларының жеке қолтаңбасымен берілген кітаптар, Президенттің мемлекеттік марапат жиынтығы, сондай-ақ, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары, Қазақстан тарихына өзгерістер әкелген құжаттар бар.

Көпшілік көрермендерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағындағы және отбасымен, жастық кездегі достарымен түскен фотосуреттері қызықтырды. Ұйымдастырушылардың жобалауынша, көрмеге кемі 50 мың алматылық келеді. Шара 14 қаңтарға дейін жалғасады.

 Kazislam.kz 


Алла Тағала Құран Кәрім туралы былай деді: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) егер бұл Құранды бір тауға түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыт болғанын көрер едің. Ал, мұндай мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз»(«Хашыр» сүресі, 20-21 аяттар

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: