Сауд Арабия королі Пайғамбар мешітінде намаз оқыды (ФОТО)

Сауд Арабия королі Пайғамбар мешітінде намаз оқыды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Екі қасиетті мешіттің қызметкері, Сауд Арабия королі Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд Медине қаласында болып қайтты. 

Saudi Gazette мәлімдеуінше, қасиетті қалада оны Медине қаласының әміршісі ханзада Фейсал бин Салман және басқа да жоғары шенді тұлғалар күтіп алды. 

Қалаға табаны тие салысымен, сауд королі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етіп, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітінде намаз оқыды.

Сондай-ақ, ол Мединеге жасаған іс сапарының барысында жақын уақытта осы қалада іске асыруға жоспарланып отырған 21 жобаны ұсынды. Аталмыш жобалар, бірінші кезекте, Мединедегі және оның маңындағы мекендерде өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Дәлірегінде, бұл жобалар  жаппай электрлендіруге, ауылшаруашылығын қолдауға, білім алуға және транспорт инфрақұрылымын жақсартуға арналған.

Король Саудовской Аравии совершил намаз в мечети Пророка (Фото)

muftyat.kz

Әбу Һурайра ﴾ р.а.﴿ жеткізген мына хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: