Мұқтаждарға арнап қой сойылды.

Мұқтаждарға арнап қой сойылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарының  тарихи жәдігері болған «Абдіқадір» мешітінің имамы Айнабек Ахметовтың ұйымдастыруымен, мешіт демеушілерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап қой сойылды.

Қайырымдылыққа сойылған мал еті 40 шаңыраққа азық болды. Аталған іс-шараға мешіт қызметкерлері атсалысты. Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтып баталарын берді. Мұқтаж бауырларымыздың мұңын ескере отырып садақасын аямаған демеушілерге Жаратушыдан қызмет, табыстарының берекетін тіледі.

"Мұсылмандықтың көркем көрінісі болған шара үнемі жалғасын табады деген ниеттеміз" - дейді мешіт қызметкерлері.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: