Жан мен тәнге азық болған айлық дастархан

Жан мен тәнге азық болған айлық дастархан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2017 жылдың 12 қазан күні «Кеңесхан қажы» мешітінде жайылған айлық дастарханға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы  мен қала  мешіттерінің имамдары мен жамағат жиналды.

Дәстүрге айналған айлық басқосуда сөз бастаған Жұмабаев Данияр имам «Нығметтің қадірін білу» тақырыбын қозғаумен қатар жамағатты ауызбіршілікте болуға шақырды.

Қала имамы Қанат Әділханұлы «Пайғамбарымызға салауат айтудың маңызы» атты тақырыпта жиналған мешіт жамағаттарына әсерлі уағыз-насихатын жеткізіп, нәпіл ораза ұстаған жамағат тән азығы мен жан азығын қатар ала біліп,  ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Жиын соңында өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы ел амандығын тілеп, дастарханға бата берді.

Тағы бір айта кететіні, жиынға келген қала имамдарының сұранысы бойынша бұдан былай бұл айлық дастархан көшпелі сипат алып, қаланың басқа да мешіттерінде ұйымдастырылмақ.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: