Мұндай мешіт бұл ауылда болмаған...

Мұндай мешіт бұл ауылда болмаған...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін, қасиетті Мұхаррам айының 21-ші жұлдызы Шу ауданына қарасты Бірлік ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіт ашылды. Бұрын-соңды Бірлік ауылында Аллаға құлшылық ететін орын болмаған. Ауыл тұрғындары  жұма, айт намазын оқуға 5 шақырым жердегі көрші ауылға баратын.

400-ге жуық тұрғыны бар аядай Бірлік ауылының тұрғындары үшін бұл үлкен бір қуаныш. Мешіт құрылысының жүзеге асуына Бірлік ауылының бұрынғы тұрғыны жеке кәсіпкер Талғат Мелдібекұлы және Бахытжан бауырымыз мұрындық болды.

Жаңа мешіттің ашылу салтанаты Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының Құран бағыштауымен басталды. Аудан әкімі Қайрат Досаев ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, білікті де, білімді азаматтар шығуын тілеп сөз сөйледі. Өз кезегінде Бірлік ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Шынболатов сөз алып, мешіт салған азаматтарымызға дүйім жұрт атынан алғысын білдіріп, қазақи дәстүрімізбен шапан жауып алғысын жеткізді. Сонымен қатар, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев имандылықтың қара шаңырағы мешіт салу үлкен сауапты іс дей келе, әсерлі уағыз айтып, салтанатты түрде мешіттің лентасын қиды.

Мұсылман қауым мешіт ішіне кіріп, сәлем намазын оқыды. Аллаға құлшылық етіп, дұға-тілек тіледі. Ауданның бас имамы  А.Дыбысұлы жиылған жұртқа имандылық жайында үгіт-насихат айтты.

Рухани шара соңында жиналған көпшілікке ас беріліп, "Иман" журналы таратылды. 

                        Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: