Шу қаласы имамдарының кезекті жиналысы өтті

Шу қаласы имамдарының кезекті жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы қаладағы мешіт имам-молдаларымен кезекті жиналыс өткізді. Дін мамандарының бас қосуында қала имамдарына күн тәртібіндегі төрт мәселе алға қойылды.

Атап айтсақ, 17 қазан күні «Һибатулла Тарази» мешітінде өтетін 1 күндік «Бір ізді діни рәсім – ауызбіршілік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында өтетін облыстық семинарға қатысу; ҚМДБ-ның төл басылымдары «Иман»  журналы мен «Ислам және өркениеті» газетіне жазылуды ұйымдастыру; Алдағы келе жатқан қыс мезгіліне дайындықтарын пысықтап, мешіт жылуын, тазалығын  бақылауда ұстау тапсырылды.

Қаланың бас имамы жоғарыда айтылған күн тәртібіндегі мәселелерді қадағалауды Нұржан Қалиевке  тапсырды. 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: