Теріс ағымдардың зияны сөз болды.

Теріс ағымдардың зияны сөз болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамның тыныштығы мен бірлігін сақтау – баршамызға ортақ міндет. Дін атын жамылған теріс ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен зардабын түсіндіру мақсатында аудандық «Сұлтан» мешітінің найб имамы Фархат Шералиев аудандық ішкі істер қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында найб имам елімізде белең алған радикалдық ағымдардың шығуы мен қоғамға тигізер зардаптары жайында кеңінен түсіндіріп, тәртіп сақшыларының сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсуінен байқалады.

Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететіндіктен дұрыс ақпараттық насихаттың болуын талап ететіні сөзсіз. 

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: