Қыздар-әйелдер секторының өкілі радиода сұхбат берді.

Қыздар-әйелдер секторының өкілі радиода сұхбат берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иман - жүректің айнасы. Ал қазақ халқы үшін имани тәрбие мен ұлттық тәрбие сыңар іспетті. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған кезектегі мәселелердің бірі де жастардың бойында осы қазақы тәрбиені қалыптастыру.

Осы мақсатта түрлі бағдарламалар мен кештер, іс-шаралар өткізіліп, қаламгерлер де шығармашылығына арқау етіп келеді. Мұндай бағытты қолға алғандардың бірі Лаура Әбдіқадірқызы жүргізетін бағдарлама.

Аталған "Қазақстан-Тараз" радиосында жүргізіліп жатқан "Сырғалым" айдарына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар-әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова  арнайы шақыртумен  қатысып қайтты.

"Үйлену оңай, үй болу қиын" тақырыбында сөз өрбіткен сұхбат шариғат пен дәстүр төңірегінде сүбелі сөз, мардымды ой қозғады. Білікті ұстаз жеткізген мағұлматтар көптің көкейіндегі сауалдарға жауап болған-ды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: