Дін мамандарының блогерлермен бас қосуы өтті.

Дін мамандарының блогерлермен бас қосуы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Технология қарыштап дамып, ғаламтор ақпарат көзі атанған қазіргі таңда сайттармен, әлеуметтік желілермен жұмыс жасау – белгілі бір деңгейге көтерілгені баршаға мәлім. Сайт парақшалары көпке танымал, өз оқырманы бар бүгінгінің газет-журналына айналды. «Айтылмаса, сөз атасы өледі» демекші, жеке парақша жүргізетін блогерлердің де саны артып келеді.

Осыған орай, бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде Тараз қаласының белгілі блогерлерімен кездесу өтті.

Іс-шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев жиынның мақсаты жайлы тілге тиек етіп, мешіт сайтының жаңа атауы «asyldin.kz» турасына тоқталды.

Сайт әкімшілігі жиналған көпшілікті жаңартылған сайтпен таныстырып, оның ерекшеліктері мен жарияланатын материалдары туралы айтып өтті.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген имамдар мен блогерлер өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, игі ниеттерін білдерді.

Айта кетейік, еркін әрі қызықты өткен шара алда нәзік жанды блогерлермен жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: